Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облысында сайлауалды бағдарлама жүзеге асып жатыр

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қыркүйек 15, 2021
Түркістан
27
қаралым

Түркістан облысында «Nur Otan» пар­тиясының сайлауалды бағдар­ла­масын орындау жөніндегі Жол кар­тасының жүзеге асырылу бары­сы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте тал­қыланды. Онда Жол картасы ая­сын­да аталған облыста жыл басы­нан бері 363,5 мың шаршы метр тұр­ғын үй берілгені, 10 541 адам тұрақ­ты жұмыспен қамтылғаны, 13 кә­сіпорын ашылып, 1 665 адам жұ­мысқа орналасқаны, 7 жаңа мектеп пай­далануға берілгені айтылды.

Жол картасының орындалуы бойынша «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Бейсен Тәжібаевтың баяндамасы тың­далды. Оның сөзінше, сайлауалды бағ­дарламаның орындалуы партия филиа­лы­ның қатаң бақылауына алынып, тұрақ­ты түрде зерделеу жұмысы жүріп жатыр. 2021 жылы облыстық Жол картасы бойын­ша 110 индикатор жоспарланса, оның 25-і орындалған.

Аудандық, қалалық Жол карталарында жос­парланған 1 418 индикатордың 668-і,  яғни  47 пайызы жүзеге асқан. Осы және өзге деректерге тоқталған баяндамашы сай­лауалды бағдарламаны орындау бары­сындағы қиындықтар мен мәселелерді шолып өтті. Сонымен қатар ол есеп беру ке­зінде «Жол картасы бойынша жылына 2 рет аудан, қала әкімдерінің есептері тың­далса» деген ұсынысын қоса жеткізді.

Отырыста Түркістан облыстық Стра­те­гиялық және стратегия және эко­но­ми­калық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбектің баяндамасы тыңдалды. Ол Жол картасы аясындағы жұмыстармен қа­тар «Ауыл – ел бесігі» жобасының жү­зеге асырылу барысын баяндады. 2021 жы­лы 70 ауылдық елді мекенде 302 жобаға 16,1 млрд теңге  бөлінген. Іске асыру жос­парланған жобалар аясында білім, ден­саулық, спорт саласында жаңа нысандар бой көтеріп, аудан, қалаларда инфра­құры­лым жаңарады. Жыл қорытындысымен 280 нысанды пайдалануға тапсыру жос­парланса, бүгінде 95 жобаның жұмысы аяқ­талған. Оның ішінде 91 көше орташа жөн­деуден өтіп, 4 мектепке күрделі жөн­деу жұмысы жасалды.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмір­зақ Шөкеев сайлауалды бағдарлама өңірдің даму тұжырымдамасымен ұшта­сатынын айтты. Жол картасындағы әрбір индикаторды сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде тапсырма беріп, барлық аудан, қала әкімдері мен басшыларға бұл іске жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жол картасын орындау барысындағы өзек­ті мәселелерді жылдам анықтап, жұ­мысты тоқтатпау керегін жеткізді.

Әбілмансұр ЖАСАН

Тегтер: Nur OtanАбылайхан ЖұмашЖаңалықтаржол картасыӨмірзақ Шөкеевпартиясайлауалды бағдарламаТүркістан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11 өңірде ескерту жарияланды

Бір мыңнан астам онлайн несие қылмыстық жолмен алынған

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»