Жезқазған өңірінде петроглифтер табылды

Жезқазған өңірінде петроглифтер табылды

Жезқазған өңірінде 2 күн­дік «Білеуті-2021» тарихи-та­нымдық экспедициясы аяқ­талды. Қазақпараттың хабарлауынша, қатысушылар бұ­рын зерттелмеген петроглифтерді тапқан.

Экспедицияның мақсаты – белгілі бір аймақты зерттеу және жаңа туристік маршрут құру. Айтса айтқандай, қатысушылар, бұрын зерттелмеген петроглифтер мен таудағы жұмбақ әріптерді, көп камералы үңгір мен жезтырнақ тас­­тарын, жартастағы дөңгелек ойық­тарды – ежелгі металлург­тер­дің әзірлемелерінің іздерін тапты. Мәлімет бойынша, жаңа тарихи олжалар еш жерде сипаттал­маған, оларға отандық көрнекті ғалымдар қызығушылық танытып үлгерді. «Бізде көптеген қызықты және зерттелмеген орын бар. Сондықтан біз Жезқазған археологиялық мұ­ра­жайымен бірлесіп, Білеуті өзені мен атақты Бұланды шайқасы бол­ған жер арасындағы аумаққа ша­ғын экспедиция ұйымдастыруды ұй­ғар­дық. Оның құрамына археологтер, тарихшылар, жолсеріктер, ту­ризм мамандары және тағы бас­қа­лары кірді», – деді экспедиция жетекшісі, Жезқазған тарихи-ар­хео­логиялық мұражайының ғы­­лы­ми қызметкері Кешубай Байділдинов. Білеуті өзенінің маңынан саяхатшылар тау суреттері бар жартастар мен тастарды тапқан. Олар қара тастарға соғылған және жақсы сақталған. Петроглифтердің басқа галереясын ынтагерлер Ақкиік деген жерден сұр-көк тастардан тапты. Сондай-ақ экспедиция мүшелері Малқар үңгіріне барды. «Бір қызығы, кіреберісте түйе­лердің басына ұқсайтын екі тік тас табылды, олардың мақсаты белгісіз. Үңгірдің өзі биік аркалармен, күрделі өткелдермен қызықты, олардың кейбіреулерін тас басып, үйіп тасаған. Сондай-ақ екі жерден петроглифтер табылды. Экспедициядан кейін мұражайда дөңгелек үстел өткіздік. Мамандар бұл жер әлі зерттелмегенін айтты. Келесі жы­­лы біз зерттеуді жалғастыра­мыз», – дейді экспедиция жетекшісі. Келесі жылы экспедиция қа­тысушыларына Қазақстанның басқа мұражайларынан тарихшылар мен археологтер қосылуға дайын.

А.АЙДАРҚЫЗЫ