15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: m.sputnik.kz
98
оқылды

Бүгін антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.