Қараша айынан бастап қай жолдар ақылы болады?
Қараша айынан бастап қай жолдар ақылы болады?
Фото: kolesa.kz

Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.

1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

Ақылы учаскелерде жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ. Екі арадағы баға сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.

Бұған дейін ақылы жолдардың тарифі қымбаттаған соң, көлік жүргізушілері наразылыққа шыққан еді.