Базардың батыс қақпасына қатысты дауға әкімдік өкілі пікір білдірді
Базардың батыс қақпасына қатысты дауға әкімдік өкілі пікір білдірді
Фото: ex2.exler.ru
263
оқылды

Меркі ауылы, Торғаев көшесінің бойында «Меркі», «Хан» және «Аспара» базары орналасқан. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, көшенің бойында ретсіз жабайы сауда орындары көбейген. Соның салдарынан көше бойы мен базар іші санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Көлік кептелісі тұрғындардың наразылығын тудырып, халықтың жүріп-тұруына ыңғайсыз.

«Сондықтан, базардың қақпасы күн батыс аумағына ауыстыру жоспарланды. Осы ретте, базардың жаңадан ашылатын қақпасына (Исмайлов көшесінен) баратын жолға арнайы бағдаршам орнатылып, жолға асфальт төселді. Көлік қоятын тұрақ, жаяу жүргіншілер жолы жасалып, реттелді», – деді әкімдік өкілі.

Ал базардағы кәсіпкерлерге базарды жабу мәселесі айтылған жоқ. Тек қақпасын базардың батыс жағынан ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қақпаны өзгертуге қатысты Меркі ауылдық әкімдігі тарапынан 11 қыркүйекте кәсіпкерлерге базардың қақпасы күн батыс бетінен ашылатыны туралы хабарлама беріліп, таныстырылған.