Полиция Теміртауда төбелескендерді ұстады
Полиция Теміртауда төбелескендерді ұстады
Фото: alau.kz
138
оқылды

Видеода жерде жатқан адам анық көрінеді. Бір жігіт оны темірмен ұрған. Жолдасы оны ұстап әкетеді. Топтасып төбелескендер жерде жатқан ер адам тұрғанда темір ұстаған жігіт қайтып келеді де, оны тағы ұрады.

Осы кезде көпқабатты үйдің тұрғындары айқайлап, полицияны шақырған.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Темиртау | Казахстан (@temirtau.city)

Жергілікті полиция төбелестің видеосын әлеуметтік желіден көрген. Осы оқиға бойынша арыз-шағым түспепті. Аудандық полиция бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеуді бастады.

«Шұғыл іздестіру шаралары барысында төбелесті бастаған 16 жастағы жігіт анықталды. Ол өз кінәсін мойындады. Полиция оқиғаның мән-жайын және басқа қатысушыларын анықтауға кірісті», – дейді полицей.