Алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Ертеңнен бастап солтүстік, солтүстік-батыс және шығыста, ал 17 қыркүйектен бастап орталықта Екатеринбург аймағынан соғатын циклон әсерінен күн райы жауын-шашынды болады.

Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым сақталып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы батыста түнде +3-11-ден +1-9, күндіз +15-23-тен +10-18, солтүстік-батыста түнде +7-12-ден+ 2-7 градусқа дейін төмендейді.

18 қыркүйекте солтүстікте -3 градус үсік жүреді, күндіз +17-25-тен +10-17-ге дейін солтүстікте түнде +8-13-тен +2-10-ға дейін сынап бағаны төмендейді. Облыстың орталығы мен шығысында +5-15 градус, күндіз температура +20-28-ден 5-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде +15-20, күндіз +28-35 градус ыстық болады.