Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, 8 айда 90-ға жуық құқықбұзушылық тіркелсе, 68-інде сыбайластық жемқорлық фактісі анықталған.
Соған қарамастан, сотталғандардың басым бөлігіне айыппұл төлеу үкімі шыққан. 65 адам жазадан құтылу үшін мемлекетке 117 млрд теңге төлеуі тиіс. Екі мемлекеттік қызметкердің бас бостандығы шектеліп, үш шенеунік қамалған. Биыл 69 адам сотталды. Оның ішінде, 64 адамға 116,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. 2 адамның бас бостандығы шектелді, 3 адам бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Жемқорлық көбінесе, білім, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында жиі кездесіп отыр.Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев: «Іле ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы 400 мың теңге пара алды. ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот үкімімен оған 12 млн теңге айыппұл салынды», – деді.