Тұрсынбек Қабатовтың қызы көпшілікке қайда оқуға түскенін көрсетті

Тұрсынбек Қабатовтың қызы көпшілікке қайда оқуға түскенін көрсетті

ҰБТ дауынан кейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызын шетелге оқуға түсірген секілді. Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «менің университетім» деген жазба қалдырып, Дубайда жүрген видеосын жүктеді, — деп хабарлайды «Еуразия» арнасы.
Еске салайық, 15 тамызда Абзал Құспан есімді заңгер танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кіргенін жазды. Оның айтуынша, 13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидің орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2-курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталғанын және бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Кейінірек, Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы - MM мектебінің директоры Мөлдір Мұқанова қызы Әдемі Аманғалиге тіл тигізгендердің бәрі заң алдында жауап беретінін айтты.