Балқаш ауданында белгісіз адамдар қойшының басынан атып, мәйітін жазыққа тастап кеткен. kaz.exk.kz Instagram-паблигі хабарлағандай, табылған ер адамның мәйіті 1-2 айға созылатын сараптамаға жіберілген. Сондықтан туыстары оның бассыз мәйітін жерлеуге мәжбүр болған. Марқұмның ағалары оны көрші фазендадағы танысы өлтіруі мүмкін деп есептейді. Айтуынша, тергеу дұрыс жүргізілмеген. Аудандық прокуратура newtimes.kz редакциясына күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«ҚР ҚК "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша Балқаш аудандық прокуратурасының қызметкері жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды», ― деп хабарлады құқық қорғаушылар.Сондай-ақ іс бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.