Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 16 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 16 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 қыркүйекте түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 16 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с аралығында. Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 16 қыркүйекте найзағай жарқылдауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 16 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 16 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында өрт қаупі сақталады.