Маңғыстауда шаруалар субсидия ала алмай отыр
Маңғыстауда шаруалар субсидия ала алмай отыр
Фото: paryz.kz
168
оқылды

Субсидия сұрап, жергілікті әкімдіктің табалдырығын талай тоздырған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Субсидия тұрмақ, ауырған малды емдейтін ветеринар да тапшы.

Шаруа Бердіхан Аленов: «Мемлекеттің субсидиясын әлі көргенім жоқ. Ондайды маған ешкім айтқан жоқ. Қорымыз бітті. Оған қоса, мал дәрігері көбірек болса екен. Қазір Қызылтөбеге хабарласамыз. Қызылтөбеге қараймыз, мал дәрігеріне. Ал олар көлік, жанармай жоқ немесе үлгере алмай жатырмыз деп айтады», – дейді.

Шаруалар мәселесін жергілікті әкімдікке бірнеше рет айттық деп отыр. Бірақ күнде ертеңмен шығарып салатын көрінеді. Тойып жем-шөп жемеген арық малды жаз бойы кене де талапты. Мал дәрігерлерін шақырса, қырық сылтау айтып келмейтін көрінеді. Кей шаруа қожалықтары жыл басынан бері алпыстан аса ірілі-ұсақты малынан айырылған. Ал облыс бойынша бес мың бас мал арам қатты деген ақпарат бар. Алайда облыс әкімдігі одан хабарсыз. Ресми дерек бойынша, тек 1163 бас мал өлген. Тіпті, шаруалардан мал қырылғаны туралы бар-жоғы жеті-ақ хабарлама алдық деп ақталуда. Сондай-ақ қуаңшылық жайлаған өңірдегі малшыларға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр дейді шенеуніктер. Бірақ оны алу үшін шаруалардың төрт түлігі ортақ дерекқорға тіркелуі тиіс екен.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов: «Жасыл дәліз екі» деген ашылды. Онымен қазір 39 мың өтініш түсті. Ол өтініштермен 10-қазанға дейін тіркеу жүргізіп жатыр. Осы малдар тіркелгеннен кейін кеше Ауыл шаруашылығы министрлігімен де, Қаржы министрлігімен де жиналыс өткіздік. Алдында берілген 1,9 млрд. теңгеден үнемделген ақша қалса, соған ұсыныс беремін», – деді.

Бұған дейін  картон жеген түйелер  туралы жазған болатынбыз.