Әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген күдікті ұсталды
Әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген күдікті ұсталды
Фото: nur.kz
162
оқылды

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан әйел адамның мүрдесі табылған. Мәйітті тапқан ер адам бірден полицияға хабар берген.

Тексеру барысында марқұм әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.    width=

«Ұсталған ер адам 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына лақтырып жібергенін мойындады. Бұл жайтқа ерлі-зайыптының арасындағы жанжал себеп болған» делінген ресми хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.