«Вакцинадан соң оқушы көз жұмды» – жалған ақпарат елдің үрейін ұшырды
«Вакцинадан соң оқушы көз жұмды» – жалған ақпарат елдің үрейін ұшырды
Фото: oblgazeta.ru
169
оқылды

Аудиожазбада ер адам мектепте балаларға жасырын коронавирусқа қарсы вакцина салынғаны туралы айтады.

Облыстың Денсаулық сақтау басқармасы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы екпе егілмейді. Қостанайдың 7 мектебінде баланың көз жұмғаны және жағдайлары нашарлағаны туралы ақпарат – жалған. Құқық қорғау органдары бәрін ойдан құрастырып, шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратып жүрген адамның жеке басын тез арада анықтайды деп сенеміз»,  – деді басқарма өкілі.

Бұл жайтқа қатысты Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

«Қазір полиция мектепте балаларға екпе егілгені туралы жалған ақпарат таратқан ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді департамент мамандары.

Жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады.