Астанада жол апатының соңы жаппай төбелеске ұласты
Астанада жол апатының соңы жаппай төбелеске ұласты
Фото: kurieronline.ru

Полицияға сағат 05:52-де Кенесары-Сембинов көшелерінің қиылысында жас жігіттердің төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

Оқиға орнына барған полицейлер жанжалдың жол апаты салдарынан болғанын анықтады. BMW көлігінің 28 жастағы жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, маневр жасағанда жол бойындағы тұрақта тұрған 21 жастағы жігіт мінген Toyota көлігімен соқтығысты. Екеуі оқиға орнына достарын шақырған. Жиналғандар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Оның бірі екі жас жігітке пышақ салған. Қылмыстық іс қозғалды. 29 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.