Илон Масктың компаниясы ұйымдастырған Inspiration4 миссиясы қарапайым азаматтарды орбитаға кәсіби астронавтысыз аттандырып, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге жол ашпақ. [caption id="attachment_161472" align="alignnone" > ©Twitter: Inspiration4[/caption] Өйткені бұған дейін осы жылы жазда Virgin Galactic пен Blue Origin компаниялары да қарапайым туристерді ғарышқа ұшырған болатын. Алайда олар суборбиталды саяхат жасап, Жер бетінен 86 және 107 шақырым биіктікке көтерілді. Сөйтіп, микрогравитациялық ортада бірнеше минут қалқып қайтқан болатын. [caption id="attachment_161474" align="alignnone" > ©Twitter: Inspiration4[/caption] Ал SpaceX-тің Inspiration4 миссиясы ойдағыдай жүзеге асып жатса, Crew Dragon кемесіндегі 4 турист 575 шақырым биіктікке көтеріліп, үш тәулік бойы ғарышта саяхаттайды. Олар тіпті "Хаббл" телескопы мен Халықаралық ғарыш станциясынан жоғары көтерілетін сыңайлы. Сонымен қатар экипаж әрбір 90 минут сайын Жер шарын толықтай айналып отыратын болады. [caption id="attachment_161475" align="alignnone" > ©Twitter: Inspiration4[/caption] Crew Dragon экипажының ең жас мүшесі — 29 жастағы Мемфистегі балалар ауруханасында қызмет ететін дәрігер Хейли Арсено. Кеме бортында, сондай-ақ, 51 жастағы Сайен Проктор есімді геология профессоры мен Lockheed Martin аэроғарыш корпорациясының 41 жастағы қызметкері Кристофер Семброски және 38 жастағы миллиардер Джаред Айзекман бар. Айтпақшы, осы саяхатқа мұрындық болған және өзінен басқа үш турист үшін ақша төлеген де осы — Shift4 Payments мейрамханалар мен қонақ үйлер желісіндегі төлем сервисінің иесі Джаред Айзекман.