Полиция қылмысқа қатысты бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғынын және осыған дейін екі рет сотты болған 25 жастағы ер адамды ұстады.
Ұрыларды ұстамас бұрын полицейлер күдіктілердің әрқайсысының атқаратын қылмыстық әрекетін арнайы операция барысында анықтады. Көлікті бөлшектеп сатуға жауапты адамды ұстады.Тергеу барысында күдіктілердің 10 көлікті ұрлағаны белгілі болды. Көбінесе, ескі BMW, Lada, Nissan, Audi, Volkswagen көліктерін ұрлаған. Үш автокөлік толығымен анықталды. Қалған жеті көліктің қайда жасырылғанын тексеріп жатыр. Ұрылар ұрланған көліктерді көршілес облыстарға апарған. Күдіктілер қамауға алынды.Алматы қаласы ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов: «Қылмыстық топ 6 адамнан құралған. Ең үлкені - 47 жаста, ең жасы – 25-те. Бұлардың барлығы оңай жолмен пайда табуды көздеген. Екі күдікті өздерін базарда қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде таныстырған. Алайда, олардың сауда нүктелерінде тек қана ұрланған көліктің қосалқы бөлшектері ғана саудаланған», – деді.
Қазақстанда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін Алматыда көлік бөлшектерін сататын базарлар жаппай тексерілген болатын.