Алматыда жанармай бекетінде өрт шықты
Алматыда жанармай бекетінде өрт шықты
117
оқылды
Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желілерде Алматыдағы жанармай құю бекеті аумағында өрт шығып, түтіндеп жатқаны түсірілген видео жарияланды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қыркүйек, сағат 16.30-да "101" пультіне өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өтініш беруші "мотоцикл өртенді, өртті өз күшімізбен сөндірдік, өрт сөндіру құралдары қажет емес" деп мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.