Парашютпен секіру оқу-жаттығуы: үш жылда үш өлім
Парашютпен секіру оқу-жаттығуы: үш жылда үш өлім
Кейінгі үш жылда 3 әскери қызметкер парашютпен секіру оқу-жаттығуында қаза тапты. Фотоколлаж ©Айқынұлы Ж.
2020 жылы 5 тамызда Маңғыстау облысында жауынгерлік даярлық барысында парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметкер жерге қонған сәтте ауыр жарақат алған болатын. 8 тамыз күні дәрігерлер Мұратжан Төрегелдіге хирургиялық операция жасайды. Өкінішке қарай, сарбаз қыркүйектің 1-і күні қайтыс болады.  [caption id="attachment_161557" align="alignnone" width="1000"] width= Маңғыстау облысында парашютпен секіріп, ауыр жарақат алған, кейін көп ұзамай қайтыс болған Мұратжан Төрегелді есімді сарбаз.[/caption] Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіледі. ҚР ҚК 453-бабының 2-бөлігі бойынша екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылады. Оның бірі – 30153 әскери бөлімінің парашютпен материалды-техникалық қамтамасыз ету қоймасының бастығы С.Ж Камалов. Екіншісі — Әуе қорғанысы күштері әскери институтындағы авиациялық оқу орталығының парашютпен десанттау қызметінің бастығы С.Л Кириченко. 

Сот барысында Камаловтың парашютті ораған кезде қателік жібергені, ал Кириченконың парашютті дұрыс тексермегені дәлелденген. Сот екі әскери маманды қызметке салғырт қарады деп айыптап, қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесінде 3 жыл жазасын өтеу туралы шешім шығарды. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде:  [caption id="attachment_161561" align="alignnone" width="1200"] width= ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде[/caption] "Қорғаныс министрінің (Н.Б. Ермекбаев — ред.) тапсырысымен әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы бөлімшелер құрылды. Олар командирлер мен бастықтармен бірлесе отырып, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", — деп мәлімдеген еді.  Өкінішке қарай, араға бір жыл салып, тағы да сол парашютке қатысты қайғылы жағдай тіркеліп отырғаны көңілге кірбің ұялатады.   width= Биыл 14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы күштердің офицері, 1990 жылы дүниеге келген капитан қаза тапты. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы жағдайға дейін ол 50-ге жуық парашютпен секірген. Сонымен қатар штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына енген тәжірибелі әскери қызметкер болған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.   width= Айтпақшы, 2019 жылы да Алматы облысында әскери қызметкер парашютпен секіру кезінде қайтыс болған еді. Қапшағай қаласы маңында болған оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі:  «22 тамызда Қапшағай қаласында әскери қызметшілер Ми-17 тікұшағынан парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Полковник С.С. Алдынғұров шамамен 200-250 метр биіктіктен секіру барысында қауіпсіздік техникасын бұзғандықтан негізгі парашюті ағытылып кеткен. Әскери қызметші қосалқы парашютті қолданған, бірақ биіктіктің жеткіліксіздігінен парашют ашылып үлгермеген. Соның салдарынан полковник Алдынғұров қаза тапты», — деп түсінік берген болатын.