Нұр-Сұлтанда аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтанда аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды
Фото: tengrinews.kz
115
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бір азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыс 16 қыркүйекте жасалған. Күдіктіні ұстауға Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жеке құрамы жіберілген.
"Қаланың шетінде бекеттер орнатылып, "Құрықтау" жоспары енгізілді. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр", – деді департаменттегілер.