"Қайрат" өз алаңында "Омониямен" тең ойнады

"Қайрат" өз алаңында "Омониямен" тең ойнады

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің бірінші турында алматылық «Қайрат» алғашқы ойынын Кипрдің «Омония» командасына қарсы өткізді. Командалардың негізгі құрамы: «Қайрат»: Покатилов, Миканович, Баняк, Дугалич, Әліп, Оганесян, Поляков, Альвес, Косович, Канте, Вагнер Лав; «Омония»: Фабиано, Лечиакс, Панайоту, Юсте, Лонг, Псалтис, Джорди Гомес, Баширу, Атиевмен, Папулис, Какулли. Бүгінгі ойында екі команда да жеңіске жету жолын іздеді. Дегенмен "Қайрат" топтағы ең әлсіз команда деп саналған "Омонияны" жеңе алмады. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Енді «Қайрат» келесі кезекте 30 қыркүйекте Швейцарияның «Базель» командасымен шеберлік байқасады.