Тұрақтандыру қорының жағдайын баяндады
Тұрақтандыру қорының жағдайын баяндады
180
оқылды

СҚО тұрақтандыру қорында 3 мың тоннадан астам өнім бар. Азық-түлік өнімдерінің барлығы дерлік жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорының жұмысы туралы ақпарат «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жарияланды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-ин­но­вациялық даму басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Данияр Исаевтың ай­туын­ша, 2022 жылға 5 мың 200 тоннаға жуық өнім сатып алынған. Тағы 3 935 тон­на сатып алу жоспарланған. Қазір тұрақ­тандыру қорынан ірі көлемде қара­құмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, қант, тұз, құс еті мен көкөністер сатылуда. «19 атаудан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 12 түрі 26 сауда же­­­лілерінде және тұрақтандыру қорын­дағы базарларда сатылуда. Ауыл шаруа­шы­лығы тауар өндірушілерінен тікелей жеткізу тетігі белсенді қолданылады. «Ай­­­­налым схемасы» шеңберінде күн­ба­ғыс майын сатып алу және оны одан әрі белгіленген бағамен сату үшін «Радуга» ЖШС-не жеңілдікті қарыз берілді. Бү­гін­де бөлшек сауда желісінде 555 теңгеден «Майское» күнбағыс майы бар. Сондай-ақ көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін кар­топ, сәбіз және пияз сатып алу бойын­ша келіссөздер жүргізілуде», – деді Данияр Исаев. ⠀ Сауда желілерінің, көтерме кәсіп­орын­­дардың басшыларымен және кәсіп­кер­лермен әлеуметтік маңызы бар азық-тү­лік өнімдерінің бағасын төмендету жә­не қол­дау туралы 619 меморандумға қол қойылды. Осыған қарамастан, өңір­лік даму жөніндегі кеңестің төрағасы мем­­­­лекеттік органдар тарапынан бағаны не­гізсіз көтеретін нарық субъектілеріне ба­қылауды күшейтуді, сон­дай-ақ тамақ өнім­деріне шекті баға­ларды бел­гілеуді ұсынды. Қоғамдық кеңесте ірі және шағын мал­ды азықпен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды. Алдағы қысқы кезеңде об­лыс бойынша күтілетін мал басының са­ны шамамен 390 мың бас ІҚМ, 430 мың бас ҰММ және 134 мың бас жылқы. Мал қыстауын сәтті өткізу үшін 850 мың тон­на шөп дайындау қажет. «2021 жылдың 15 қыркүйегінде облыс бойын­ша 833,2 мың тонна шөп дайын­дал­­ды, бұл қажеттіліктің 98%-ы. Бұдан бас­­қа, 194 мың тонна қажеттілік кезінде 197,9 мың тонна пішендеме, 194 мың тон­на қажеттілік кезінде 106,7 мың тонна сүр­лем және 784 мың тонна қажеттілік ке­зінде 242,3 мың тонна сабан дайын­дал­ды. Жеке қосалқы шаруашылықтар үшін 498,3 мың тонна шөп дайындалды, бұл қа­жеттіліктің 97,7%-ы. Облыс бойынша 122,6 мың аула бар, оның ішінде 62,6 мың аула Ауыл шаруашылығы малдарын ұс­тай­ды. Жедел деректерге сәйкес 61,4 мың аула немесе 98%-ы шөппен толық қамта­ма­сыз етілген», – деп атап өтті Ауыл шаруа­шы­лы­ғы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев. Жемшөп дайындау шығындарын азайту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша 4,7 мың тонна көлемінде арзандатылған ЖЖМ бөлінді, сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығы жәр­меңкелері үнемі өткізіледі. Сонымен қа­тар мемлекеттік қолдау шараларын ала­тын агроқұрылымдардың басшылары мен ауылдық округтердің әкімдіктері ара­­сында халыққа азық-түлікті төмен­де­тілген бағамен сату бойынша меморан­дум­дар жасалды. Бұл мәселені қоғамдық кеңес мү­ше­лері бақылауға алды. Атап айтқанда, олар Ауыл шаруашылығы басқармасына қыр­күйек айының соңына дейін әр аудан бойынша жемшөп тапшылығын анық­тау­ды, сондай-ақ күтпеген жағдай­лар туындаған кезде жемшөптің жалпы қа­жеттілігінен 5%-ға дейінгі көлемде ре­зервтік қор құруды ұсынды.

Әбілмансұр ЖАСАН