Газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын
Газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын
335
оқылды

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасының №93  іс-шарасы, АГРС газ құбырының жұмыстары 98 %-ға аяқталды.

Шымкент қаласында жүргізіліп жат­қан инженерлік инфрақұрылым жұ­мыстарының барысымен таныс­тыру мақ­сатында БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйым­дастырылды. Ең ал­ды­мен жур­на­листерді қалалық Энер­ге­тика және инф­рақұрылымды да­мыту басқар­ма­сының басшысы Б.Бо­латбеков құры­лы­сы жүргізіліп жат­қан автомат­тан­дырылған газ та­ра­ту стансасының құры­лыс бары­сы­мен таныстырды. Басқарма басшысы Шымкент қала­сын табиғи газбен қамтамасыз ету мақ­­­­сатында 250 000 м3/сағ құрайтын ав­­томаттандырылған газ тарату стан­са­сының құрылыс жұмыстары 98 пайыз­­ға орнылдалғанын атап өтті. Ны­сан­ның техникалық құрал-жаб­дық­тары 100 пайыз орнатылған. газ құбыры Бүгінде АГРС-3 нысанның газ құ­бы­рына гидравликалық сығымдау жұ­мыс­тары жүргізілуде. АГРС-3 нысан­ның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айының соңына дейн іске қосу жоспарға қойылған. Газ тарату стансасы іске қосылған кез­де тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіп­кер­лік және өндірістік нысандар сапалы жә­не үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз еті­леді. Бүгінде 92,2% табиғи газбен қам­тылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады. Шымкент қаласының табиғи газ көз­дерінің қуаттылығы – АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ. Ал қа­ла­ның қажеттілігі 250 000 м3/сағ бо­лып отыр. Осы қажеттілікті қамта­ма­сыз ету мақсатында АГРС-3 ныса­нын салуға шешім қабылданған бола­тын. Стратегиялық маңызы бар нысан құ­ры­лысы мердігер мекеме  Stroy­Gaz­Company ЖШС тарапынан жүргізіліп жатыр.

Әбілмансұр ЖАСАН