ЮНЕСКО желісіне кірді
ЮНЕСКО желісіне кірді
146
оқылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ЮНЕСКО-ның «Көлсай көл­дері» мемлекеттік ұлттық та­биғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосқанын хабарлады.

Мұндай шешім 15 қыркүйек күні ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықара­лық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды. Министрліктің мәліметінше, «Көлсай көлдері» өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемио­логиялық шектеулер жағдайында дайындалғаны ерекше назар ау­даруға тұрарлық. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үй­лесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарла­масының биосфералық резерват­тарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толық­тырылды. Осылайша, бүгінде ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көле­мінің осылай танылуы Қазақстан­ның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қо­ғам­дастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын көрсетеді.

А.ЖОЛДАС