Суретші Сәкен Дәулетбаев Қарқаралыда екі үйдің қасбетіне Тоқтар Әубәкіров пен Әлихан Бөкейхановтың суретін салды.
[caption id="attachment_161623" align="aligncenter" > Фото: www.gov.kz[/caption]«Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіров – есімі тарихта алтын әріппен жазылған жерлестеріміз. Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл және Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толды. Осы даталар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай суретші Сәкен Дәулетбаев қалаға мурал суреттерін тарту етті», – деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.
Әлихан Бөкейханов бейнеленген үйдің ауласындағы балалар алаңы қайта жөндеуден өткен.