Полицейлер суицид жасамақ болған ер адамды үйдің шатырынан түсірді
Полицейлер суицид жасамақ болған ер адамды үйдің шатырынан түсірді
Фото: orda.kz

Polisia.kz-тің Алматы полицейлері суицид жасамақ болған ер адамды үйдің шатырынан түсірді.

Жергілікті тұрғындар полицияға «Көкмайса» ықшамауданында үйдің шатырында отырған ер адам туралы хабар берді. Жетісу аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Нұрлан Конусов: «Азаматтар маған жүгінгенде мен әкімшілік бөлімімде стационарлық полиция постында отырдым. Көрсетілген үйге тез жүгіріп бардым. Патрульдік полициядағы әріптестерімнен көмек сұрадым. Ер адаммен сөйлесіп, асығыс әрекет жасамауға көндіріп жатқанда патрульдік полицейлер төбеге көтерілді», – дейді.­

Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ППП инспекторы Абылайхан Оқасов: «Біз оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеттік. Қай жағынан ешкімге білдірмей шатырға шығуға болатынын жергілікті тұрғындар көрсетті. Серіктесіміз екеуміз жасырын түрде шетіне қарай өрмелеп бардық және ашуланған адамды сол жерден алып шықтық», – деп хабарлады.

Өзіне қол жұмсамақ болған адам – Шығыс Қазақстанның тумасы екендігі анықталды. Ол күйзеліске ұшырап, суицидке бару туралы шешім қабылдаған.