25 жастағы ауыр атлет қайтыс болды
25 жастағы ауыр атлет қайтыс болды
Фото: vesti.kz
161
оқылды

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

«Бүгін түнде дарынды спортшы – ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы және рекорд жасаған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болды. Ауыр атлетика федерациясы ұжымы спортшының туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады» делінген ресми хабарламада.

Спортшы қазасының себебі белгісіз.