Қазақстан экономикасындағы Ресейдің үлесі қанша? - инфографика
Қазақстан экономикасындағы Ресейдің үлесі қанша? - инфографика
Коллаж: А.Ахметқазы

Қазақстанда 7,7 мыңнан астам ресейлік компания жұмыс істейді. Ал Ресейден жеткізілетін импорт шамамен 9 млрд долларға жетті.

LS агенттігінің хабарлауынша, ресейлік кәсіпорындар мен өкілдіктердің саны бір жылда 4%-ға өсті. Олардың көбі сауда мен құрылыс саласында жұмыс істейді. Биыл қаңтар-шілде арасында Ресейден жеткізілген шикізат пен тауар көлемі де былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 19%-ға артқан. Негізгі тауарлар қатарында қара металдар, тамақ өнімдері, пластмасса, ағаш, автокөлік, алтын, мұнай өнімдері және тағы басқалары бар. Инфографикада Ресейдің Қазақстан экономикасындағы үлесі толық көрсетілген.