Алматыда жалға алынған қымбат пәтер мен көліктерді сатқан алаяқтар ұсталды
Алматыда жалға алынған қымбат пәтер мен көліктерді сатқан алаяқтар ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1983 және 1985 жылы туған ер адамдар бірнеше ай бойы қымбат көліктер мен пәтерлерді жалға алып, оларды қысқа мерзімде арзан бағаға қайта сатқан.

«Сатып алушыларды таныстар арқылы тапқан. Оларды жылжымайтын мүліктің құжаттарын «кейінірек береміз» деп сендірген. Осы сөзге алданып қалған азаматтар ақшаны толық төлеген. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, осы адамдардан зардап шеккен азаматтар полицияға + 7-708-707-92-02; + 7-705-555-77-63; + 7-775-774-44-41 және + 7-775-106-18-84 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Алматыда жалға алынған қымбат пәтер мен көліктерді сатқан алаяқтар ұсталды