Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: forums.yoworld.com
180
оқылды

Солтүстіктен соққан суық антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді.

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, жел күшейеді. Батыста ауа температурасы түнде жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін өзгереді. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 градустан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 градусқа дейін ауысады. Оңтүстікте түнде 10-20 градус, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылынады.