Жоғалған қыздың мәйіті 15 қыркүйек күні түс мезгілінде Ветелки ауылы маңындағы орманнан табылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарлады.
Сот-медициналық сараптама нәтижесінде, 1999 жылғы Анастасия Черная екені анықталды.Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.«16 қыркүйекте аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1994 жылғы А.есімді ер адамды ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді департамент өкілі.