Президент жиында коронавируспен күрес күн тәртібіндегі өзекті тақырып екеніне тоқталды.
Сондай-ақ Президент ШЫҰ елдерінде вакцинация паспорттарын өзара тану рәсімін жылдамдату өзекті екенін атап өтті.«QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз препаратты гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізе бастадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға жіберілгенін жазған болатынбыз.