Мемлекетке 190 млн теңгеден астам залал келтірген ірі ғылыми орталық қызметкерлері сотталды
Мемлекетке 190 млн теңгеден астам залал келтірген ірі ғылыми орталық қызметкерлері сотталды
© 7-su.kz
180
оқылды
Ақкөл аудандық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорынан бастап ЖШС-ның бөлім маманына дейін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімімен:
  • Орталықтың бас директоры Қ.Абдуллаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 16 эпизод) 10 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • «Монолит-1» ЖШС директоры С. Сулутаева (ҚР ҚК 28 - бабы 5-бөлігі-189-тармағы, 2-тармағы, 1 эпизод) 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Е. Косакова 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 28 бабы 5 бөлігі - 189 бөлігі 4 тармағы, 11 эпизод);
  • Орталықтағы кадр бөлімінің маманы И. Копервас (ҚК 28 - бабы 5-бөлігі 189-бабы 4-тармағы 2-тармағы, 1-бөлім) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған тұлғалардың барлығы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеуге сотталған. Олар 2018-2020 жылдар аралығында аффилирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде орындамай, сондай-ақ кәсіпорын ғимараттарын ағымдағы жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамау арқылы бюджет қаражатын жүйелі негізде жымқыруда күдіктенген, осылайша мемлекетке аса ірі мөлшерде 190 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген