Ақкөл аудандық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорынан бастап ЖШС-ның бөлім маманына дейін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімімен:- Орталықтың бас директоры Қ.Абдуллаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 16 эпизод) 10 жылға бас бостандығынан айырылды;
- «Монолит-1» ЖШС директоры С. Сулутаева (ҚР ҚК 28 - бабы 5-бөлігі-189-тармағы, 2-тармағы, 1 эпизод) 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
- Орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Е. Косакова 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 28 бабы 5 бөлігі - 189 бөлігі 4 тармағы, 11 эпизод);
- Орталықтағы кадр бөлімінің маманы И. Копервас (ҚК 28 - бабы 5-бөлігі 189-бабы 4-тармағы 2-тармағы, 1-бөлім) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.