Теннистен Қазақстанның чемпиондары анықталды
Теннистен Қазақстанның чемпиондары анықталды
Фото: inform.kz
180
оқылды
Әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде Гозал Айнатдинова мен Жібек Құламбаева кездескен болатын. 3 сағат 24 минутқа созылған тартысты матчта 5:7, 7:6, 6:3 есебімен Жібек жеңіске жетті. Ерлер арасындағы ақтық сында алматылық Денис Евсеев пен Тимофей Скатов жолығып, Тимофей өз мансабында алғаш рет Қазақстан біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. Әлемдік рейтингте 275-орында тұрған Т.Скатов алғаш рет ел чемпионатында жекелей және жұптық сында үздік шықты.