Оралда пойыз қаққан ер адам көз жұмды
Оралда пойыз қаққан ер адам көз жұмды
Фото: Zakon.kz
123
оқылды
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 14.40-та 4-шағынауданда болған. Пойыз қағып кеткен ер адам алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. ҚР ІІМ Көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректің Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде сәйкес тіркелгенін хабарлады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.