Қазақстандық нокаутшы "Пантераны" үш раундта жеңді
Қазақстандық нокаутшы "Пантераны" үш раундта жеңді
149
оқылды
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) "Пантера" лақап атты перулік Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) жеңді. Бұл кездесу 16 қыркүйек АҚШ-тың Монтебелло қаласындағы Hollywood Fight Nights бокс кешінде өтті. Айқас он раундқа есептелген болатын. Алайда Ахмедов бұл жекпе-жекте толықтай басымдық көрсетіп, техникалық нокаутпен жеңді - Сегарра үшінші раундтан кейін рингке шығудан бас тартты. Кейінгі рет Ахмедов рингке желтоқсанда шығып, эквадорлық Карлос Гонгородан (20-0, 15 КО) жеңіліп қалды. Бұл айқаста екінші орта салмақта IBO белбеуі сарапқа салынған болатын. Ал Сегаррамен айқас 1 тамыз Альбукеркте өтуі керек еді. Бірақ, жекпе-жекке бір күн қалғанда перулік боксшы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.