Жолдың қақ ортасында адамға оқ атқан екібастұздық тұрғын сотталды
Жолдың қақ ортасында адамға оқ атқан екібастұздық тұрғын сотталды
Фото: inform.kz
121
оқылды
Таңертеңгілік мезгілде көшеде өтіп бара жатқандардың көзінше ер адамды атқан Екібастұз тұрғыны сотталды. Оған ҚР ҚК екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты. 23 ақпан күні сағат 08:00-де Екібастұзда Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу  қарудан оқ атқан. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі зейнеткердің ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігінде және 287-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.
- Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ең жоғары қауіпсіздікті өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, - деп хабарлады  баспасөз қызметінде.
Кейінірек сотталушы қарсыласын екі соққымен – артынан және басынан атқаны белгілі болды. Қылмыскер өз кінәсін ішінара мойындап, кісі өлтіру  ойы болмағанын түсіндірген.