Моно және шағын қалалардың дамуын талқылады
Моно және шағын қалалардың дамуын талқылады
148
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында онлайн режимде «Өңірлерді дамыту» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде – өңірдегі моно және шағын қалалардың дамуы мен аббаттандырылуы мәселесі, сондай-ақ 2021 жылдың 8 айында «Жол картасының» аудан, қалалардағы орындалу көрсеткіші қа­ралды. Кеңес төрағасының орынбасары Вик­тор Тен, Алматы облыстық филиал төра­ға­сының орынбасары Аслан Көбентаев пен кеңес мүшелері Алакөл, Еңбекшіқазақ, Сарқан, Қаратал, Қарасай, Панфилов, Тал­ғар, Қапшағай, Текелі аудан, қала­лары­ның кеңес төрағалары мен аумақтық пар­тия филиал төрағаларының бірінші орын­басарларының есебін тыңдап, тиісті тап­сыр­малар жүктеді. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық, облыс­тық, аудандық және қалалық Жол карта­ларын­да 2 198 іс-шара мен индикаторға қол жеткізу көзделген.

Әбілмансұр ЖАСАН