Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Нұр-Сұлтанда «Антарес» қаржы пирамидасы барын анықтады. Жауаптылар қазір  жәбірлену­шілерге келтірілген шығын сомасын есептеп жатыр.

«Қаржы пирамидасының ұйым­­­­дастырушылары жеке тұлға­лар­дың ақшасын кәсіпкерлік қыз­метке тартқан. Бірақ шын мәні­сінде қаржыны қайта бөлу жолымен табыс тауып, басқа салымшы­лардың жарнасы есебінен байып отырған», – деді ведомство өкіл­дері. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Агенттік келтірілген шығын мен барлық жәбірленушіні анықтау үшін осы пирамидаға ақша салған азаматтардан Нұр-Сұлтан қаласы, Жел­тоқ­сан көшесі, 43, мекенжайы бо­йын­ша агенттіктің аумақтық депар­та­мен­тіне хабарласуды сұрайды. Елімізде қаржы пирами­да­ла­рының қызметін жүзеге асырғаны және жарнамалағаны үшін әкім­шілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

А.ЖОЛДАС