Фракция отырысы өтті
Фракция отырысы өтті
269
оқылды

Шымкент қаласы мәсли­ха­тын­дағы «Nur Otan» партиясы де­­пу­таттық фракциясының оты­рысы өтті. Фракция мәжі­лі­сін «Nur Otan» партиясы Шым­кент қалалық фи­лиалы төра­ға­сының орынбасары, фракция же­текшісі Бекайдар Тө­легенов ашып, жүргізді.

Фракция отырысына партия фи­лиа­лы төрағасының бірінші орынба­сары Жанар Бектаева, төрағаның орын­басары Мұратәлі Қалмұратов,  фрак­цияға мүше депутаттар және жауап­ты басқарма бас­шы­лары қа­тыс­ты. Отырыстың күн тәрті­бін­де «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайық­ты өмір!» атты «Nur Otan» пар­тия­сы сай­лауалды бағдарламасының Шым­кент қа­ласында жүзеге асыру бойынша бе­кі­тілген Жол картасының орындалу ба­­рысы талқыланды. Аталған Жол картасында 149 іс-шара орын­дау бекітілген. Осы іс-шара­ның 9-ның орындалмау қаупі бар. Осы­ған орай ол іс-шараларға жауапты са­ла бас­шылары баяндама жасады. Атап айт­қанда, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­­ма­сының басшысы Ержан Жол­дасов Жол картасының 119-тарма­ғы­ның орын­далу барысы туралы баяндама жасаса, қа­лалық Білім басқармасының басшы­сы Жанат Тәжиева 15-тармақ, қалалық Кәсіпкерлік және индустриал­ды-ин­новациялық даму басқарма­сы­ның бас­­шысы Береке Дуйсебеков 68-тар­мақ, қалалық Энергетика және инф­­ра­құрылымды дамыту басқарма­сы­ның басшысы Боранбай Болатбеков 84-тар­мақ, қалалық Денсаулық сақтау бас­қар­масының басшысы Бахытжан По­зилов 31-тармақ бойынша баяндама жа­сады. Сонымен қатар отырыс барысында Жол картасының 102, 104-тармақ­та­ры­­ның орындалуына жауапты қала­лық Жайлы ортаны дамыту басқар­ма­сының бас­шысы Ғалымжан Ілия­сов­тың баян­дамасы тыңдалды. Атал­ған тармақтарда орталық көшелер бойына, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, де­кора­тивті ағаш кө­шеттерін дайын­дай­тын 200 гектар тұқымбақ ашу қарас­ты­рылған. Бірақ қазір тұқымбақ бола­тын жердің гидрогеологиялық жағдайы зерт­телмеген. Егер белгіленген аумақ­тың гидрогеологиялық жағдайы қолай­лы, тиімді болмаған жағдайда шығын кө­лемі артып, жұмысшыларға қолай­сыз жағдай туғызатыны анық. Мәжілісте Ауыл шаруашылығы жә­не ветеринария басқармасы басшы­сының орынбасары Абунасыр Шари­фул­лаұлының Жол картасының  70-тар­­мағы бойынша 136 гектар құрай­тын «Агроиндустриалды аймақ» құру және 71-тармағы бойынша  89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 гектар жы­лыжай салудың орындалу барысы тура­лы баяндамасы талқыланды. Бүгінде жос­парланған жобалар «Аграрлық не­сие корпорациясы» АҚ-ның кредит­тік комитетінің оң шешімін алған. Бірақ іске асатын жобаларға алдын ала суб­сидияны аванстық төлеу заңсыз екені туралы Шымкент қаласы про­кура­турасының ұсынысы негізінде рес­публикалық бюджетке 992,8 млн тең­гені  қысқарту ұсынылған. Мәжіліс соңында Жол картасының 70, 71, 102, 104-тармақтарының орын­далуы бойынша Саяси кеңес бюро­сы­ның күн тәртібіне қарау туралы ұсыныс енгізілді.

Әбілмансұр ЖАСАН