Биыл 570 жемқор сотталды
Биыл 570 жемқор сотталды
184
оқылды

Биыл жыл басынан бері сыбайлас  жемқорлық қылмысы дәлелденген  570 адам сотталған. Ал сотқа жіберілген істер саны 772 екен. Бұл істерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет сотқа жолдапты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуына қарағанда жемқорлыққа қарсы қызмет  мамандары 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында  1 038 істі тергеген. Сөй­тіп олардың 772-сін сотқа жол­дапты. Осынау қылмыстық істер бойынша 135 лауазымды тұл­ға ұсталса, 122 адамға «күзетпен ұстау» және 29 адамға «үйқамақ»  шаралары қолданылыпты. Ал сотталған 570 адамның 138-і пара ал­ғаны, 237-сі пара берген, 12 адам делдалдығы үшін істі болыпты. Олардан бөлек 78 адам алаяқ­тығы, 42 адам  ұрлығы үшін қа­малған. Тағы 42 адам өзінің қыз­меттік өкілеттілігін теріс пай­да­ланған көрінеді. 11 адам  билікті немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланыпты. «Бас бос­тандығынан айыруға – 172 адам, бас бостандығын шектеуге – 56 (қалғандары шартты мерзімге және жазасын өтеуді кейінге қал­дыра отырып – 8), пара сомасынан бірнеше еселенген айыппұл­дарға 330 адам тартылды. Айып­пұл­дардың жалпы сомасы шамамен 1,9 млрд теңге болды», – деді Данияр Бегайдаров.

А.СҰЛТАН