Өңірлік Жол картасының орындалу барысы қаралды
Өңірлік Жол картасының орындалу барысы қаралды
154
оқылды

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық мәслихаттағы депутат­тық фракциясының және «Өңірлік даму» қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын іс­ке асыру жөніндегі өңірлік Жол картасының орындалу барысы қарал­ды.

Жалпы, 2021 жылдың 8 айының қо­­рытындысы бойынша өңірлік Жол кар­­тасындағы 1 073 іс-шараның 322-сі орын­далды, 516-сы орындалу саты­сын­да. Жол картасына сәйкес, биыл об­лыс­та пайдалануға берілген тұрғын үй­­­лердің жалпы көлемі 329,5 мың шар­шы метрді құрап, өткен жылдың тиіс­ті кезеңінен 16,4%-ға артты. Сон­дай-ақ cүт өңдеу және ірімшік өндіру це­хы, «Темірбетон бұйымдар» зауыты және консерві өндірісін ұйымдастыру жә­не көкөніс сақтау қоймасы жоба­лары іске асырылды. Бұдан бөлек, Та­раз қала­сында «ПАЗ», Golden Dragon маркалы үлкен сыйым­ды­лықты 32 автобус ел игілігіне берілді. Қазір мәдениет, спорт, білім және денсаулық нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Жол картасындағы 11 іс-шараның орындалмау қаупі бар. Жауаптылардың мәліметінше, жос­пар­ланған жобаларға бөлінген қаржының жет­кіліксіздігі жұмыстарды кешеуіл­детіп жатыр. Республикалық бюд­жет­тен бөлінген қаржының қысқартылуы себебінен кей нысандардың құрылысы аяқталған жоқ. «Өңірлік даму» бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы, фракция жетекшісі М.Ескендіров: «Мәселені шешуге сал­ғырттық танытып, жүйелі жұмыс жүр­гізбеген жауаптыларға шара қолдану қа­жет екенін жеткізсе, филиал тарапы­нан партия мүшелерінің дербес жауап­кершілігі қаралатынын ескерттім. Се­бебі халыққа берілген уәде, олардың сұра­нысы мен тілегі уақытылы әрі са­палы орындалуы тиіс», – дейді ол. Бұдан бөлек, жиында моно және ша­ғын қалаларды дамыту бойынша мә­селелер қаралды. Шу, Қаратау және Жаңатас қаласының әкімдері мен әкімдіктің жауапты өкілдері ай­мақ­ты абат­тандыру және қаланы көркейту бағы­тында тиісті жұмыстар жүргізіліп жат­қанын жеткізді. Деген­мен кем­шілік­тер де жетерлік. Бұл туралы айт­қан об­лыс­тық мәсли­хат депутаттары  осы бағытта қандай жұ­мыс­тар ат­қары­лып жатқаны жөнінде сауал­дарын қойды. Жиын соңында «Nur Otan» пар­тиясының депутаттық фрак­циясы мү­шелерінің рейтингі бойынша ат­қарыл­ған жұмыстары тал­қы­ланды.

Әбілмансұр ЖАСАН