Ұстаз вакцина паспортын жасауға көмектескен
Ұстаз вакцина паспортын жасауға көмектескен
174
оқылды

Жыл басынан бері елімізде ПТР-анықтама мен вакцина пас­порттарын қолдан жасау және пайдалану бойынша 156 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кезекті отырыста мәлімдеді.

Профилактикалық шаралар мен түсіндіру жұмыстарына қара­мастан, жалған медициналық құ­жаттарды дайындау және пайдалану тыйылмай тұр. Polisia.kz порта­лы­ның мәліметінше, елор­дада 15 қыркүйекте қалалық емхананың 2 медбикесі мен делдал – мектеп мұ­ға­лімі ұсталды. Олар маусым айынан бастап жалған вакцинация жүргізген. Алдын ала мәлімет бо­йынша 100-ге жуық азамат жалған паспорт алған. Барлық факті бойынша жалған екпе алған адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа 20 қылмыстық іс жолданды, 17 адамға қатысты айыптау үкімі шы­ғарылып, 200 АЕК-ке дейін (583 мың теңге) айыппұл салынды. Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Маңғыстау облысында да тіркелді. 30 мың теңге үшін жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан сегіз адамды, соның ішінде 4 медицина қызметкері ұсталды. Олар­дың жауабына сүйенсек, жалған құжат 150-ден астам азаматқа бе­рілген. Ал Ақтөбе қаласында жеке кли­никаның медицина қызметкері мен делдалдық қызмет көрсеткен жұ­байына облыстық соттың шеші­мімен әрқайсысына 200 АЕК (583 мың теңге) айыппұл салынды.

Айбике ЖАНАСЫЛ