Astana Ballet Дубайда өнер көрсетеді
Astana Ballet Дубайда өнер көрсетеді

Astana Ballet Дубайдағы EXPO-2020 бүкіләлемдік көр­месінде екі қойылым көрсе­теді. Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов хабарлады. 

Олар Дубай опера сахнасында 27-28 қазанда «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда «Бейбарыс сұлтан» балетін сахналайды. «Біз үшін қазіргі шектеулерге қарамастан IX театр маусымын өз уақытында ашу өте маңызды болды. Қатты уайымдадық, көрермен­дермен қауышуды асыға күттік. Әртістер сахнаны, ал көрермен спектакльдерді сағынды. Қазір біздің үлкен жоспарларымыз бар. Бүкіл көрерменді Astana Ballet теа­трына шақырғым келеді», – деді А. Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетерлігі, тоғызыншы театр маусымы 9-10 қыркүйекте «Бейбарыс сұлтан» балетімен ашылды. 17-18 қыркүйек күндері «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетілмек. «Махаббат туралы аңыз» бен «Бейбарыс сұлтан» – керемет қойы­лым. Оларды ұзақ карантиннен кейінгі алғашқы гастрольге апарамыз. Яғни, пандемияға байланысты кейінге қалған Дубайдағы EXPO-2020 көрмесінде өнер көрсетеміз. Astana Ballet театрының ұжымы Дубайдың үлкен, жаңа, алдыңғы қатарлы театрларының бірі ретінде осы екі тамаша туындыны ұсына­ды», – деді Александр Севостьянов.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ