Асқар Шәкіров РФ ФЖ Федерация Кеңесінің өкілі Яцкинмен кездесті
Асқар Шәкіров РФ ФЖ Федерация Кеңесінің өкілі Яцкинмен кездесті

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінде Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкинмен кездесті.

Тараптар Ресей Парламенті жоғарғы палатасының спикері Валентина Матвиенконың биылғы маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының бұрын болған отырыстарының хаттамасына қол қойылды. Мемлекеттік Дума сайлауына ТМД ПАА халықаралық байқаушыларының үйлестірушісі ретінде Мәскеуде жүрген Сенат Төрағасының орынбасары сайлау алды іс-шаралары аясында Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Толстоймен және Ресей Парламентінің төменгі палатасындағы «Единая Россия», «КПРФ», «ЛДПР», «Справедливая Россия - Патриоты - За правду» саяси партияларының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді.