Сағынтаев "Достық" метро бекетінің атауын өзгертуді ұсынды
Сағынтаев "Достық" метро бекетінің атауын өзгертуді ұсынды
©А.Ахметқазы
277
оқылды

Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа Алматы метросы бекеттерінің атауын өзгерту туралы ұсыныс айтты.

"Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгертуге қатысты", - деп жазды әкім Facebook-парақшасында.
"Достық" бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру, алда "Западный" автовокзалы аталуы мүмкін бекетке "Қарасай батыр" есімін беру ұсынылмақ. "Достық" бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның іске қосылуы 2021 жылдың аяғына қарай жоспарланған. Ал "Западный" автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.