Ақтау қаласы үстіндегі қара түтін жұрттың алаңдаушылығын тудырды. Тұрғындар әлеуметтік желіде түтіндеп жатқан жердің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін, 18 қыркүйекте, саяжайлар жақтағы өндірістік алаңда бірдеңе өртеніп жатыр", - деп жазды видео авторы.
"Бүгін, 18 қыркүйекте, қаланың өндірістік аймақтарының бірінде көлік дөңгелектерінің (покрышки) өртену жағдайы орын алды. Оқиға орнында арнайы мамандар мен өрт сөндіру техникасы жұмыс жасауда", - деп жазды әкімдіктегілер.Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлады lada.kz. Олардың мәліметіне сүйенсек, 18 қыркүйекте таңертең Ақтау қаласының маңындағы №4 өндірістік алаңында өрттің шыққаны туралы хабарлама келген. Өрт орнына келген қызметкерлер автокөлік дөңгелектері тұтанғанын анықтады. Өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге үш техника мен 13 адам жұмылдырылды.