Денесіне 26 рет пышақ сұққан: прокуратура әйелдің өлімін суицид деп таныды
Денесіне 26 рет пышақ сұққан: прокуратура әйелдің өлімін суицид деп таныды
Сурет: Makalu
165
оқылды

Тәжікстан президентінің атқару аппараты елдің бас прокуратурасына пышақ жарақатынан көз жұмған Файзабад ауданы тұрғынының өлімінің себебін зерттеуді тапсырды.

Файзабад аудандық прокуратурасы шілде айында денесі 26 жерінен пышақпен жарақатталған Манора Абдуфаттохтың өлімін суицид деп атаған. "Өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, күдіктілер жоқ. 25 жастағы Манора Абдуфаттохтың сүйегі 22 маусымда өзі тұратын пәтерде табылған. Ол күйеуінен кетіп, сол жерде балаларымен тұрған. Қайғылы оқиға кезінде пәтерде үш баласы болған. Үлкені бес жаста, кішісі алты айлық. Суицид туралы қорытындымен келіншектің туыстары келіспейді. Олар 17 шілдеде тәжік президентінің атына хат жазып, істі жіті зерттеуді сұраған.