Павлодарда трамвайдан өрт шықты
Павлодарда трамвайдан өрт шықты
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда трамвайдан өрт шықты. Бұл кезде көлік жүріп келе жатқан. Қалалық трамвай әкімшілігі деректі растады, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты. Сымдары өртенген трамвайдың жүріп бара жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі рельспен кетіп бара жатқан көлікті куәгерлер түсіріп алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі деректі растады.
"18 қыркүйекте сағат 14:21-де №5 маршрут бойынша жүретін трамвайдан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Көліктің төбесінде электр сымдарын оқшаулағыш жанып кетті", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.